Оқиғалар

«Жүрегі жыр Жұмекен»

«Жүрегі жыр Жұмекен»
28.11.2025
36
Сарканская районная библиотека
Сарқан аудандық кітапханасы қараша айының 26 күні кітапхананың абономент залында «Жүрегі жыр Жұмекен» Н.Нәжімеденовтың 90 ж кешіне орай кітапхананың тұрақты оқырмандарымен еске алу кеш өтті. Туған халқының төл топырағында бұтақтары биікте заманмен еменше – ерегісіп өскен, тамыры тереңге кетіп таспен тістесіп өнген, адаса жүріп ақтықта ақиқатқа жеткен, қандай жағдайда да аппақ арының биік жұлдызы – темірқазық бағыттан табан аудармаған қиын тағдырлы, күрделі өмірлі қайсар ақын Жұмекен Нажмеденовтың 28 қараша туған күні қазақ әдебиетіне, поэзияға жаңаша өрнектер мен айшықтар енгізген, өз өлеңдерінің мағнасымен, шығармашылық жұмысының жоғарлығымен қазақ әдебиетін бір сатыға жоғары көтерген ақын тұлғасы қазақ оқырмандары үшін әрдайым асқақ көрінеді. Жұмекен шығармалары бүгінгі таңда жастарымызды адамгершілікке, имендылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Сондай-ақ Жұмекен шығармаларының келешек ұрпақтың игілігіне айналарына еш күмән жоқ. өйткені ақын шығармаларының тамырлары тереңде, бұтақтары биікте. Жұмекен Нажмеденов шығармаларын терең ұққан сайын оның жұлдызы биіктей береді. Жұмекен поэзиясы – біздің ұлттық мақтанышымыз, асыл байлығымыз. Поэзияны жақсы түсінетін талантты жастарды осы алтын байлықтарды ашуға шақырамыз.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика