28.11.2025
Сарканская районная библиотека
Пограничник ауылдық кітапханасы
13 қараша кітапхана оқырмандары арасында композитор Әбілахат Есбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұстазым менің ұстазым" жыр сағаты өткізілді. Ә. Есбаев 240-қа жуық әндері мен романс авторы және 8 спектакльге музыка жазған. Жылдар өтсе де ұмытылмас әндер.
Шара барысында ән шырқалып, композитор жайлы мол ақпарат берілді.
Іс-шара мақсаты: артына ұлттық бояуы қанық, өміршең шығармаларын қалдырған сазгер туындыларын ұмытпай, жас ұрпаққа насихаттау.