03.12.2025
Сарканская районная библиотека
01.12.2025ж. Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасында 1 желтоқсан бүкіләлемдік СПИДқа қарсы күрес күніне орай «Сын – қатерлердің бірі ЖИТС» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру. Ғасыр дерті тек қазақ елін ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырғаны сөзсіз. Ғасыр дертінің қатерлілігі қандай болса, ол барлық мемлекет үшін соншалықты өзекті. Сондықтан да бұл мәселе күн тәртібінен түспей келеді. СПИД-сынды қатерлі дертпен күрес жолында мемлекет жоғары дәрежеде қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан да біздің елде бұл тұрғыдағы қарқынды күрес әлі де өз жалғасын таба бермек. Ал, тындырымды тірліктер атқарылған жерде нәтиженің болатыны да сөзсіз.