Оқиғалар

"Ұлы ұстаз"

14.01.2026
49
Сарканская районная библиотека
9 қаңтар қазақтың аса көрнекті ағартушы-педогогы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай "Ұлы ұстаз" танымдық сағаты өткізілді. Ағартушылықты жақтаушы Ы. Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы балаларға білім беру деп санаған."Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерген. "Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы, барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі тек осы мектептерде"- деп жазған Ы Алтынсарин.Шараға Жетісу орта мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара мақсаты: ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин жайлы мағлұмат беру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру , "Кітап оқитын ұлт" қалыптастыру.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика