14.01.2026
Сарканская районная библиотека
8 қаңтар күні Қойлық ауылдық кітапханасында жазушы М.Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Жанын жалаулатып жазған» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қаламгердің өмірі және шығармашылық жолын насихаттау, жастарды үлгі өнеге алуға баулу, көркем әдебиетке деген қызығушыларын арттыру. Есімі туған халқымен бірге жасай беретін үлкен жазушы Медеу Сәрсеке артына құнары мол мұра қалдырды. Суреткердің тұлғалық биікке жеткен шынайы кейіпкерлері XX ғасырда қазақ халқының басынан өткен барша қиындықтар мен тарихи кезеңдердің тезінен өткен жарқын адамдар болатын. Медеу Сәрсеке ел мен жер тарихына қатысты деректерді жазып қалдырды. Медеу Сәрсеке кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапарұлының жарқын бейнесі мен шығармалары ұмытылмайды.