16.01.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 14 қаңтар күні тұрақты оқырмандардың қатысуымен көрнекті қазақстандық ғарышкері, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Тұңғыш ғарышкер» атты танымдық сағат өтті.Іс-шара барысында оқушылар Талғат Мұсабаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, ғарыш саласына қосқан зор үлесі және ғарышқа үш мәрте жасаған сапарлары туралы кең көлемде мағлұмат алды.Оқырмандар ғарыш әлемі туралы өз білімдерімен бөлісіп,сұрақ-жауап ұйымдастырылды.