16.01.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасында ғарышкер Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Тарихта қалған ғарышкер» атты еске алу сағаты өтті. Мақсаты: ғарышкер туралы мағлұмат беру, Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерін таныту, ғарышкерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Талғат Мұсабаев – жәй ғана жүрегінің түгі бар батыр емес, ол жоғары білімді, кәсіби маман. Талғат авиацияның радио инженерін бітірген. Қазақстанның авиациясында қызмет атқарған. Сөйтіп жүріп, ылғи аспанға ұмтылысы оған тыныштық бермей, ол ең алдымен ұшақпен ұшатын ұшқыш болды. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Шараға М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Б.Есенгалиева ғарышкер Т.Мұсабаев туралы мағлұмат айтып беріп, қатысушыларға сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға қатысушылар жақсы жауап берді.