20.01.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Екіаша ауылдық кітапханасында 2026 жылдың "13" күні мәдениет үйімен бірлесе отырып қазақтың көрнекті ағартушысы, ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ұстаздың ағартушылық еңбегін, балаларға арналған шығармаларын таныту, жас ұрпақты білімге, адамгершілікке баулу.
Кеш барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, алғаш қазақ балаларына арнап ашқан мектептерімен, «Қазақ хрестоматиясы» кітабының маңызымен танысты. Оқушылар оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» сияқты өлеңдерін жатқа оқып, Сонымен қатар «Ұстаз ұлағаты» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандар арасында Ыбырай шығармашылығына байланысты викторина ұйымдастырылды.