22.01.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен күйші, композитор Дина Нүрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай «Саусағынан күй саулаған» атты танымдық сағаты жазушы, өлкетанушы З.Төлеуовтың атындағы «Тастұма» рухан-танымдық залында өтті. Мақсаты:Дина Нұрпейісованың өмірі,туа біткен дарыны мен өнері жайлы көптеген қызықты ақпараттар беру. Қазақ күй өнерінің тарихында өшпес із қалдырған есімдердің бірі – Дина Нұрпейісова. Ол тек күйші ғана емес, ұлттың рухани мұрасын ұрпаққа жеткізуші шебер орындаушы әрі композитор болды. Әйел адамның домбыра өнерінде биік дәрежеге жетуі – қазақ мәдениетінде сирек кездесетін құбылыс, ал Дина солардың көшін бастаған тұлға. Шара М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кітапханашы Б.Есенгалиева Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндама оқыды.