Оқиғалар

«Көкейінен ән төгілген»

«Көкейінен ән төгілген»
22.01.2026
26
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасында опералық ж/е камералық әртісі, КСРО халық әртісі Е.Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көкейінен ән төгілген» атты портрет сағаты өтті. Мақсаты: қазақ халқының аса дарынды перзенті, ұлттық опера өнерінің жаңа беттерін ашып, оны ары қарай дамытуға үлес қосқан күміс көмей әншінің өмімімен шығармашылық белестері туралы оқырмандарға мәлімет беру. Қазақ академиялық опера және балет тетрының солиі болып қызмет атқарып, опералық портреттердің әдемі галереясын жасады. Е.Серкебаев сомдаған образдар арасында ұлы Абайдың тұлғасы, Ер Тарғын және Алпамыс образдары бар. Ол қазақтың вокалды қазіргі замандық музыкасының үздік орындаушысы болды. Ермек Серкебаев – қазақ музыка өнерінің алтын қорына өшпес із қалдырған ұлы опера әншісі, сахна шебері, рухани әлеміміздің биік тұлғаларының бірі. Оның дауысы ғана емес, ойы да терең, сөздері де ел есінде. Өнер жайлы, өмір туралы, халық пен мәдениет хақындағы пікірлері замана ағымына сай маңызын жоғалтқан жоқ. Оның нақылдары жас өнерпаздарға бағдар, халыққа – рухани демеу болып қала бермек. Шара М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кітапханашы А.Адамбаева Е.Серкебаевтың өмірі мен өнер жолы туралы мағлұмат берді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика