29.01.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қарапайым өмір кешкен адам» атты тұлғатану сағаты жазушы, өлкетанушы З.Төлеуов атындағы «Тастұма» рухани-танымдық залында өтті. Мақсаты: өлкеміздің әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау. Заманымыздың бұлбұл әншісі, ұлы даланы әнімен жаңғыртқан дарқан дарын иесі Дәнеш әндерді шырқаған сайын құлпырта түседі. Ол әндерді орындаған сайын әдемілік қосып, иірімдерін қалыңдатады. Тіпті домбыра қағысын да өзгертіп отырады. Әр айтқан әнін күш-қуатымен, тәжірибесімен әшекейлей түседі. Дала сазы кеудесіне қонақтаған дүлдүл әнші, халық әртісі Дәнеш Рақышевтың есімі Жетісу жұртының ғана емес, мұқым елдің есінде. Шара М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен өтті. Кітапханашы А.Адамбаева Дәнеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы ақпарат берді.