Оқиғалар

«Елге қызмет, қаламға адалдық»

«Елге қызмет, қаламға адалдық»
10.11.2026
0
Сарканская районная библиотека
05 қараша күні «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Сарқан аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Сарқан аудандық Құман Тастанбеков атындағы Мәдениет үйінде Қазақ журналистикасы мен әдебиетіне үлес қосқан қаламгердің шығармашылығын таныту, еңбегін дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Елге қызмет, қаламға адалдық» атты тұлға тану кеші өтті. Кештің басты қонағы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» Әдеби сыйлығы мен Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, Сарқан ауданының құрметті азаматы Бекен Төлеужанұлы Нұрахметов болды. Тұлға тану кешке арнайы шақырылған қонақтар қатарында Ақын-сазгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Зейнолла Сәнік атындағы қордың атқарушы директоры Серік Қалиев, Әнші, Халықаралық және Республиқалық конкурстың лауреаты Есет Сәдуақасов, Әнші, композитор Сарбасов Мұратбек, Сарқан ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер, меценат Есімханов Саят, және Сарқан және Ақсу ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер, меценат Сабыр Қадірұлы болды. Кеш барысында Бекен Нұрахметовтің шығармашылық жолы, жайлы кеңінен әңгіме өрбіді. Жазушы өз шығармашылығы, тарихы мен өмірлік ұстанымдары туралы сыр бөлісіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Кеш қонақтары да жазушы шығармашылығына қатысты жылы лебіздерін білдіріп, әдебиет пен өнердің сабақтастығы жөнінде ойларын ортаға салды. Кеш соңында кітапхана ұжымы атынан Бекен Төлеужанұлы Нұрахметовқа және арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріліп, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер айтылды. «Елге қызмет, қаламға адалдық» атты тұлға тану кеші оқырмандарға тағылымды ой, рухани әсер сыйлаған, әдебиет пен өнерді тоғыстырған мәнді басқосу болды. Кеш соңында осы тақырыпта әзірленген кітап көрмесі кеш қонақтарына таныстырылды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика