10.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 11 қыркүйек күні М. Мәметова атындағы орта мектептің 5 сынып оқушыларымен «Кітап тайм- 2026» фестиваліне орай «Кітап- рухани қазына» атты әдеби квест өтті. Іс- шара барысында кітап оқу- адамның ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, жақсы мен жаманды ажырата білуге, ізденуге және білімге ұмтылуға тәрбиелейтіндігі туралы мағлұматтар берілді. Оқушылармен «Мақалдың жалғасын тап» ойыны ойнатылып, жұмбақтар жасырып, « Кітап әлеміне саяхат» әдебиеттерге қатысты сұрақтар қойылды. Оқушылар жұмбақтарды шешмін тауып, сұрақтаға жауап беріп, ойынға белсене қатысты.