10.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан аудандық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында 15 қыркүйек күні жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен «Жүрек жыры» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Игіман Жомар Мақатұлы, ардагер ұстаз, әуесқой ақын Ақжолов Нүсіпхан, кәсіпкер, әуесқой ақын Дюсембекова Ұлжан қатысып, шығармаларын жас оқырмандарға таныстырды. Сонымен қатар әр ақын өзінің жүрегіне жақын бір шығармасының тарихфмен бөлісті. Қатысушылар өлең тыңдап қана қойған жоқ, әр туындының артындағы сезімді және туған жерге деген ақындардың сүйіспеншілігін көрді.
Шара соңында қонақтар кітапхана оқырмандарына білімнен артық бойлықтың жоқ екендігін айтып, кітап оқуға кеңес берді.