Оқиғалар

«Кітап, тарих, тағылым»

«Кітап, тарих, тағылым»
10.11.2026
0
Сарканская районная библиотека
23 қыркүйек күні Сарқан аудандық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап, тарих, тағылым» атты өлкетанушылармен кездесу кеші өтті. Кештің құрметті қонағы – «Жетісу» өлкетанушылар орталығы қоғамдық бірлестігінің директоры, өлкетанушы-журналист, 37 кітаптың авторы Қажет Андас және осы орталықтың құрылтайшылары Мақпал Андас, Айнұр Оразбай, Әмина Ақылбек, Динара Нарымбай болды. Тағылымды кешке Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі, ақын-жазушы, өлкетанушы Жомарт Игіман, әуесқой ақын Дюсембекова Ұлжан, ардагер ұстаз Сейітқұл Байжан, аудандық ардагерлер қоғамының мүшелері, Сарқан көпсалалы колледжінің студенттері, аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашылары қатысты. Кездесу кітап көрмесін таныстырудан басталды. Кездесу барысында Қажет Андас қоғамдық бірлестіктің құрылу мақсаты, негізгі міндеттері мен атқарған жұмыстары туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ «Q-Andas» ақпарат агенттігінің ресми сайты таныстырылып, ондағы өлкетану бағытындағы материалдар жөнінде мәлімет берілді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика