09.01.2024
Сарканская районная библиотека
Сарқан аудандық кітапханасы 9 қаңтар күні «Латынға оралу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізді. Басты мақсат латын қарпіне көшу заман талабы, елдік мүдде екенін оқушыларға жеткізу болды. Шара барысында оқырман қауым ойларын ортаға салып, латын қарпіне көшу туралы жазылған мақалалар тізбегімен танысты. Газет беттері мен сайттарда жарық көрген зиялы қауым өкілдері мен саяси тұлғалардың пікірлерін оқып ой бөлісті. Ел болып латынға көшуде жастар жағы белсенді екендігін баса айтты. Дөңгелек үстелге Н. Островский мектеп лицейінің 4 сынып оқушалары қатысты.