11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 10 қараша күні тұрақты оқырмандармен белгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі Тұрсын Сыдықовтың 85 жасқа толуына орай «Тұрсын Сыдықов өмірі мен шығармалары» атты өмірбаянына шолу өтті. Іс-шара барысында Тұрсын Сыдықовтың өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат беріп, ғылым мен білім жолында еңбек етіп, Сарқан өңірінің мақтанышына айналған көрнекті ғалым екендігі туралы мәліметтер берілді. Оқырмандар сүрақ-жауап арқылы ғалымның еңбектері жайлы білетіндерін ортаға салып, пікір алмасты.