11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 06 қараша күні оқырмандармен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ Қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовке «Қабдеш әлеміне саяхат» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, тарихи тақырыптағы шығармалары мен көркем туындылары туралы айтылды. Қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, «Тағдыр» романына шолу жасалды. Оқырмандар туған жер, ұлттық рух, отансүйгіштік тақырыптары туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар әдеби викторина, сұрақ-жауап және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды.