11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Шатырбай ауылдық кітапханасында 11 Қараша күні «Кітап – рухани қазына» атты кітап оқу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбиенің қайнар көзі екендігі туралы түсінік берілді. Кітап оқудың пайдасы, көркем әдебиеттің адам жан дүниесін байытудағы рөлі айтылды. Оқырмандар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, сүйікті шығармалары туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар кітап көрмесіне шолу жасалып, оқуға ұсынылған әдебиеттер таныстырылды. Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап арқылы білімдерін жетілдіру, рухани дүниесін байыту және кітапты қадірлеуге тәрбиелеу.