11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық кітапханасы.02.11.2026 жыл. Кітапханашының ұйымдастыруымен Ағарту бастауыш мектебінде 1,2 сынып оқушыларымен “Әжемнің ертегілері “ жобасы аясында балаларға “ Тұрмыс- салт, дәстүрлер ертегілері” атауымен ертегілер кеші өткізілді. “ Әжемнің ертегілері» жобасы аясындағы тұрмыс-салт ертегілері — халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамгершілік қағидалары мен өмірлік тәжірибесін көрсететін бағалы қазына.Салт-дәстүрмен байланысы бар болғандықтан, балаларға халқымыздың тұрмыс-тіршілігі туралы мал шаруашылығы, қолөнер, отбасылық жөн-жоралғылар туралы ертегілер оқылдыАпаларымыздың ұршық йіруі, жүн сабауы, жүн түтіуі, сырмақ басуы қыздардың орындауында би түрінде биленді. Балалар дәстүр туралы ертегілерден біршама мағлұмат алды.Бұл жобаның тәрбиелік мәні терең. Балаларға еңбексүйгіштік, әділдік, үлкенді сыйлау, қонақжайлылық пен отбасы татулығы сияқты ұлттық құндылықтарды үйретеді.