11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық кітапханасы. 10.11.2026ж.Кітапханада кино және театр актері , кинорежиссер,ҚР халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың 75 жасқа толуына орай “ Қазақ киносының абызы” атты портрет кеші өтті. Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында дүниеге келді. Досхан Жолжақсынов — қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол театр мен кинода 200-ден астам бейнені сомдап, ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Актерлік өнерімен қатар режиссерлік, продюсерлік және сценаристік қызметтермен де айналысты. Сонымен бірге халық әндері мен заманауи композиторлардың шығармаларын шебер орындайтын әнші ретінде танылды.
Жолжақсыновтың театрдағы алғашқы рөлі — Х. Вахитовтың «Алтын көрсе періште жолдан таяды» спектакліндегі Қылышбек бейнесі (1972).
Кино саласындағы қызметі
Досхан қазақ кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі саналады. Ол тарихи, драмалық және әлеуметтік фильмдерде күрделі бейнелерді сомдап, кең танымалдыққа ие болды.