17.01.2024
Сарканская районная библиотека
Қаңтар айының 17-күні кітапхананың оқу залында қазақ суретшісі, портретші және акварель суретшісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Дарынды суретші» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Қазақстандағы бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның шығармашылығын кейінгі ұрпақ үшін сақтау.Шара барысында кітапханашы А. Сабитова оқырмандарға видеоролик ұсынып, библиограф Ж. Танирберген кітап көрме ұсынды.Кітап көрмесінде аудандық кітапханасының қорынан суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі туралы материалдар және мерзімді басылымдардан алынған туындылары ұсынылған.