Оқиғалар

«Ерікті ел – Қазақстан»

«Ерікті ел – Қазақстан»
11.11.2026
0
Сарканская районная библиотека
23.10.2026ж. Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Ерікті ел – Қазақстан» атты тарихи круиз өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, Қазақстанның егемендік алу жолындағы тарихымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Тарихи круиз барысында қатысушылар еліміздің тарихына саяхат жасап, халқымыздың азаттық жолындағы күресі, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация және Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, ұлттық бірлік, ел тәуелсіздігі мен болашағы туралы мағлұматтар беріліп, қатысушыларға тарихи сұрақтар қойылды. «Ерікті ел – Қазақстан» атты тарихи круиз еліміздің тарихын танып-білуге, ұлттық рухты көтеруге және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика