Оқиғалар

«Батырлық пен ерлік мамандығы»

«Батырлық пен ерлік мамандығы»
11.11.2026
1
Сарканская районная библиотека
20 қазан күні Алмалы ауылдық кітапханасының кітапханашылары Сарқан қаласындағы төтенше жағдайлар бөлімінің (МЧС) орталығына арнайы барып, құтқарушыларды төл мерекелерімен құттықтап қайтты. Кездесу барысында кітапхана ұжымы өзгенің өмірі үшін жауапкершілікті арқалаған ержүрек маман иелеріне барша оқырмандар атынан шынайы алғыстары мен ізгі тілектерін жеткізді. Бұл кездесудің біз үшін ең қуанышты әрі мақтанышты сәті — осы мекемеде өзіміздің Алмалы ауылының тумасы Рысбек Бексұлтан Рашитұлының да абыройлы еңбек етіп жатқанын көру болды! Жерлесіміздің ел қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапты қызметін мақтан тұтамыз! Кітапхана ұжымы ержүрек құтқарушыларды және ауылдасымыз Бексұлтан Рашитұлын кәсіби мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне сәттілік тіледі. Мерекелік кездесу соңында бейбіт күннің батырларымен бірге естелік суретке түстік. Мақсатымыз: — өз өмірлерін қатерге тіге жүріп, ел қауіпсіздігін қорғайтын құтқарушылардың ерен еңбегін ұлықтау, бейбіт күннің батырларына қоғам атынан шынайы құрмет көрсету және жас ұрпаққа осынау жауапты мамандықтың маңыздылығын насихаттау болды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика