11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Лепсі ауылдық кітапханасы Лепсі ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп, «Қария – қазына, ұрпаққа – ұлағат» атты кездесу кешін өткізді.
Кешке ауылымыздың ақ жаулықты әжелері мен мәдениет саласының белсенді өкілдері қатысып, тағылымды әңгімелер айтылды. Шара барысында үлкенді сыйлау, қарияның батасын алу, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және кейінгі ұрпаққа өнеге қалдыру туралы жылы пікірлер айтылды.
Кездесу кешін әжелер ансамблі әсем әндерімен көркемдеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әжелердің орындауындағы әндер кештің сәнін келтіріп, ерекше әсер қалдырды.
Шара соңында қадірлі әжелерге арнайы сыйлықтар табысталып, ақ дастархан жайылып, қонақтарға құрмет көрсетілді. Әжелер өздерінің ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді.