11.11.2026
Сарканская районная библиотека
Лепсі ауылдық кітапханасында 9 қазан күні қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Өмірім менің – поэзия» атты портрет кеші өтті.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды. Қасым Аманжоловтың сыршыл өлеңдері оқылып, ақынның өнегелі өмірі мен әдеби мұрасы жайында мағлұматтар берілді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы ақынның шығармалары таныстырылып, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш барысында қатысушылар ақынның поэзиясынан рухани нәр алып, Қасым Аманжоловтың қазақ әдебиетіндегі ерекше орны туралы мағлұматтарын толықтырды.