11.11.2026
Сарканская районная библиотека
12 қазан күні Лепсі ауылдық кітапханасында жазушы, Қазақстанның халық жазушысы Ролан Сейсенбаевтың 80 жасқа толуына орай «Қалам қуаты – халық қамы» атты библиографиялық шолу өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі және көркем шығармалары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қаламгердің туындылары таныстырылып, шығармаларының мазмұны мен негізгі тақырыптарына шолу жасалды.
Библиографиялық шолудың мақсаты – оқырмандарды Ролан Сейсенбаевтың әдеби мұрасымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетті насихаттау.