Оқиғалар

«Дала сазының дариясы»

«Дала сазының дариясы»
11.11.2026
1
Сарканская районная библиотека
2026 жылғы 15 қазан күні Лепсі ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі күйші-композиторы, домбырашы Дина Нұрпейісованың шығармашылығына арналған «Дала сазының дариясы» атты күй сағаты өтті. Шара барысында қатысушыларға Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақтың күй өнеріне қосқан зор үлесі туралы мәлімет берілді. Күйшінің қазақ халқының ұлттық музыка өнерін дамытудағы орны айтылып, оның бай мұрасы мен күйлерінің мән-маңызы таныстырылды. Күй сағаты ұлттық өнерді дәріптеп, оқырмандардың қазақтың дәстүрлі музыкасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Дина Нұрпейісованың күйлері – халқымыздың рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл мұра.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика