Оқиғалар

«Татулық пен бірлік – тұрақтылық кепілі»

«Татулық пен бірлік – тұрақтылық кепілі»
11.11.2026
0
Сарканская районная библиотека
7 қазан күні Лепсі ауылдық кітапханасында терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «Татулық пен бірлік – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатысты. Кездесу барысында терроризм мен экстремизмнің қоғамға төндіретін қаупі, оның алдын алу жолдары, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және жастардың бейбітшілік пен татулықты бағалай білуі туралы айтылды. Қатысушыларға кез келген күмәнді жағдайға бейжай қарамау, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттарға сенбеу және әр адамның қоғам тыныштығын сақтауға жауапты екені түсіндірілді. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, терроризмнің алдын алу және жастар арасында бейбітшілік, бірлік пен өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыру.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика