12.11.2026
Сарканская районная библиотека
Адамзаттың саналы қоғамы үшін білім қаншалықты өзекті болса, оны тасымалдап жеткізудің, сақтаудың құралы кітаптың да маңызы соншалықты зор. «Артық білім – кітапта, ерінбе, оқып көруге!» - деген Абай хакімнің сөзі де рас. Осы орайда Сарқан аудандық кітапханасында 12 қараша күні Жалпыұлттық сауалнама негізінде таңдалған 100 кітапты насихаттау аясында « Кітап рухани қазына» тақырыбында әзірленген кітап көрмесін оқырмандарға таныстырып, кітаптарға шолу жасап шықты.
Таңдау түскен 100 кітаптың 92-сі қазақ, 8-і орыс тілінде екенін көреміз. Кітап авторларының жасы – 61-180 жас аралығын қамтиды. Авторлардың 25-і ортамызда шығармашылықпен шұғылданып жүр. Жүздіктің ішіне алты әйел жазушының туындылары енген. Таңдалған жүз кітап жанрлық топтамалары бойынша жіктелген атап айтсақ: Поэзиялық туындылар (өлеңдер мен поэмалар), Эпикалық проза немесе романдар, Хикаяттар, Әңгімелер, Драма, Мемуарлық туындылары, Публицистика және эссе Балалар әдебиеті туындылары.
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», кітап оқитын халықтың болашағы жарқын. Жүз кітапты таңдаудың да түпкі мәні осы. Болашағымыз жарқын болуы үшін кітап оқиық, жас буынды кітап оқуға баулиық!