13.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 12 қараша күні тұрақты оқырмандармен Қазақтың Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Жомарт Игіманға «Өмірі өнеге, өткені тарих» атты библио шар өтті. Іс- шара барысында Сарқан аудандық баспасөз саласында еңбек етіп жүрген журналист, қаламгер Жомарт Игманның өмірі, шығармашылық жолы мен шығармалары туралы мәліметтер берілді. Оқырмандар қаламгердің мақалалары мен естелік жазбаларында туған жер, ел тарихы, адам тағдыры және рухани құндылықтар тақырыптары көрініс табатындығы жайлы өзара әңгімелесіп, өз ойларын ортаға салды.