Оқиғалар

«Алғашқы ұстаз - ұлы ағартушысы»

«Алғашқы ұстаз - ұлы ағартушысы»
13.11.2026
1
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы Черкасск ауылдық кітапханасы.Көрнекті ағартушы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында кітапханада «Алғашқы ұстаз - ұлы ағартушысы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.Шара барысында оқырмандарға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ халқының білім мен ғылымға деген көзқарасын қалыптастыруға қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар жазушының балаларға арналған тәрбиелік мәні зор әңгімелері мен өлеңдері таныстырылды.Оқырмандар ұлы ағартушының «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерімен танысып, шығармаларынан үзінділер оқыды. Әсіресе, жазушының білімге, еңбекке, адамгершілікке үндейтін өнегелі ойлары сөз болды. Шара соңында кітапханашы оқырмандарға Ыбырай Алтынсариннің мол мұрасы – жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің баға жетпес қазынасы екені атап өтті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика