13.11.2026
Сарканская районная библиотека
Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық кітапханасы. 13.11.2026жыл. “Кітап оқитын ұлт” марафоны аясында кітапхана оқырманы Ақжол Қарақат қазақ балалар әдебиетінің жауһарына айналған Бердібек Соқбақбаевтың “Менің атым Қожа” шығармасын оқырман назарына ұсынды.Қожа -балалықтың базарлы шағын, шынайы сезім мен бала қиялын бейнелейтін қайталанбас кейіпкер. Оның қызықты оқиғалары күлкіге бөлеп қана қоймай, әр оқырманды жақсылыққа, адалдыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға жетелейді. Кейбір кітаптарды оқисың, ал кейбір кітаптар сені балалық шағыңа оралтады.”Менің атым Қожа”- сондай жүрекке жақын шығармалардың бірі.
Кітап оқуды әдетке айналдырайық! Себебі кітап оқитын ұлттың ойы озық, танымы терең, болашағы жарқын!!
@qazaqstan_kitaphanalar_odagy
#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт