Оқиғалар

«Ертегілер әлеміне саяхат»

«Ертегілер әлеміне саяхат»
13.11.2026
1
Сарканская районная библиотека
13 қараша күні Сарқан ауданы, Алмалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен сурет үйірмесі аясында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты бояулармен баяндалған ертегі сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашылар балаларды қызықтыру үшін қол қуыршақтарын пайдалана отырып, «Бауырсақ» ертегісін ерекше әсерлі етіп оқып берді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер ертегі желісі бойынша өздеріне ұнаған кейіпкерлердің суретін бояп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Мақсаты — жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, халық ауыз әдебиетін насихаттау және балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика