23.01.2024
Сарканская районная библиотека
Сарқан аудандық кітапхана қызметкерлері мен «Балдырған» балабақшасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 23- күні балалардың ғарыш туралы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында, ғарышкер Т. Мұсабаевтың 70 жасқа толуына орай «Ғарыш әлемі» атты еске алу кешін өткізді. Шара барысында А. Сабитова ғарышкер Т. Мұсабаев туралы таныстырып өтіп, ғарыш туралы видеоролик ұсынды. Келесі кезекте балалар 3 топқа бөлініп: сөзжұмбақ шешіп, пазл құрап, флеш, сәйкестендіру және лабиринт ойындарын ойнады. Өз қиялына ерік берген талантты оқушыларымыздың еңбегі бағаланып, мақтау қағаздарымен марапатталды.