Оқиғалар

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Ұлы халықтың ұлы Абайы
06.08.2024
24
Сарканская районная библиотека
06 тамыз күні Сарқан аудандық кітапханасында Абай күніне арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттап, сол арқылы олардың бойларына туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Кешті оқу залының кітапханашысы А. Сабитова жүргізіп, Абай атындағы мектеп- гимназиясының «Айгөлек» жазғы лагер оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында кітапхана оқырмандары мен қатысушылар назарына, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар ұсынылып, талқыланып, «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге ұлы ақынның өлең жинақтары, қарасөздері, көптеген хикмет кітаптарымен қатар, ақынға арналған зерттеу кітаптар қойылды. А. Жангелді Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңін оқып, А. Махатай «Көзімнің қарасы» атты әнін орындады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика