Оқиғалар

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары
13.08.2024
22
Сарканская районная библиотека
Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Сарқан аудандық кітапханасы тамыз айының 13 күні «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты Байқау өткізді. Байқауға Абай атындағы мектеп- гимназиясының 15 оқушысы қатысып, Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерін оқыды. Байқауға Қалиева Гүлшарбан Мырзабайқызы- Зейнеткер ұстаз, Сейполдина Жаңылкан Абдрахманқызы- Сарқан аудандық кітапхана комплектаторы қазылық етті. Қатысушылардың өнерін бағалауға арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен III- орын Бекарыс Нұра, II- орын Иманғазиев Аділ, I- орын Наурызбай Гүлім, бас жүлде Мырзабай Айжұлдыз иеленді. Байқауға қатысушы оқушылар мадақтама грамотасымен марапатталды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика