25.06.2024
Сарканская районная библиотека
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының бастамасымен жергілікті өлкенің ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің кітаптарын басқа аудандарға насихаттау мақсатында «Жетісу – кітап керуені» жобасы бастау алды.
Осыған орай, «Сарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Құман Тастанбеков атындағы мәдениет үйінде “Жетісу-кітап керуені” өтті. Сарқан төріне кітап керуенімен Кербұлақ аудандық кітапханасы мен ақындары қонаққа келді.