29.07.2024
Сарканская районная библиотека
Қазір жаз мезгілі. Оқушылар кезекті жазғы демалыста. Осы ретте кітапханашылар кішкентайларды кітап оқуға қызықтыру, әрі олардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай бір өзгеше іс-шара 29 Шілде күні Сарқан қаласының Жастар саябағында өтті.
Шара барысында кітапханашы А. Омарова ашық аспан астында балалармен бірге кітап оқып, оларды талдауға арналған «Кітаптың ішінен әріпті емес, ойды ізде» тақырыбында әдеби отырысын жүргізді.