11.01.2024
Сарканская районная библиотека
11.01.2024ж. Қазақ ССр-нің халық суретшісі Әлихан Қастеевтің 120 жылдығына орай Қойлық аулдық кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Бейнелеу өнерінің атасы» атты таным сағаты өтті. Мақсаты: оқырмандардың қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Ә.Қастеев — адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуаныш, сүйенішін,ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе білген суретші. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), "Қашпағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Кітапханашы А.Адамбаева суретші Ә.Қастеев туралы қысқаша мағлұмат оқырмандарға берді.