24.01.2024
Сарканская районная библиотека
24.01.2024ж. Қойлық ауылдық кітапханасында ақын, әнші Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына орай «Өлеңімен өмірін жырлады» атты таным сағаты өтті. Мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Пышан Жәлмендеұлы 1884ж. Қаратал ауданы, Байшегір ауылында дүниеге келген. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. 18 жасында болыс болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де ел басқарған. Зобалаң жылдарында жазықсыз атылып кеткен қазақ зиялысының бірі Жетісуда өмір сүрген Пышан Жәлмендеұлы.Заманында ақындық өнері мен азаматтық ұстанымы Алатаудың қос қапталына әйгілі болған Пышан серіні Совет үкіметі 1921 жылы оққа байлаған. Оның артында қалған сырлы, сазды әндері ел аузынан жиналып, нотаға түсірілген. Пышан Жәлмендеұлының «Қайша», «Дүние-ай», «Ала қарға», «Қыз Балқия», «Дүние, шіркін, өтеді бір күн», «Әшіргүл-Зейнеп» және абақтыда жатқанда айтқан «Баласы Жәлменденің Пышан едім», т.б. өлеңдері бар. Кітапханашы Б.Есенгалиева ақын П.Жәлмендеұлы туралы қысқаша мағлұмат оқып берді.