02.02.2024
Сарканская районная библиотека
02.02.2024ж. Қойлық ауылдық кітапханасында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Жошы ханның Ұлытауда ұлық болуы» атты таным сағаты өтті. Мақсаты Жошы ұлысының қазақ тарихындағы маңызы мен қалыптасуы туралы мағлұмат беру. Жошы ұлысы – дүниенің төрт бұрышына билігін жүргізген Шыңғыс ханның өз иелігіндегі жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошының үлесіне тиген аса үлкен территориялық аумақ. Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 млн шаршы шақырымға жеткен. Қыпшақ даласында құрылған Жошы ұлысы кейіннен Алтын Ордаға айналды. Жошы қыпшақ даласына келіп өз ұлысын құрғанымен моңғолдық дәстүрден жүрген жоқ. Жергілікті қыпшақ халықтарының ділі мен дініне еркіндік берді. Көп ұзамай Жошының ұрпағы жергілікті ха¬лықтың салт-дәстүрі мен тұр-мысына қарай икемделіп, бір жолата сіңісіп кетті.