22.02.2024
Сарканская районная библиотека
22.02.2024ж. Қойлық ауылдық кітапханасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай кітапханашылар мен К.Қазыбаев атындағы мәдениет үйінің қызметерлерімен бірлесе отырып «Отқа оранған он жыл» атты кездесу ауған соғысының ардагерлерімен өтті.
Мақсаты ардагер ағалармен кездесу,сұхбаттасу,құрметтеу. Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бүгінгі таңда Ауған соғысының ардагері атанып отыр. Ауғандағы азап шеккен арыстар, - деп жырлағандай өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Кездесуге ауылымыздың интернационалист-жауынгерлері , атап айтқанда Серебряков Рашид, Ербосынов Берік, Салқымбаев Бақыт қатысты. Кітапханашы Б.Есенгалиева қысқаша баяндама оқып, келген ардагерлеге шараға қатысқан қатысушылар сұрақтар қойды. Ардагерлер сұрақтарға жауап бере отырып, өткенін еске алды. Кездесу барысында К.Қазыбаев атындғы мәдениет үйінің көремдік жетекшісі Қадырқан Гүлизат «Ойламандар жігіттер» атты термесін және сүйемелдеушісі Тоқтаров Досанның орындауында «Аманат» әні орындалды. Шара соңында Сарқан аудандық «АМАНАТ» партиясының филиалының төрағасы А.Құдабаевтың алғыс хаттары мен Қойлық ауылдық кітапханасының кітапханашыларынан кітаптар сыйлыққа табысталды. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып журген ауғандық ардагерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз дегіміз келеді!