Текелі қалалық кітапханасында ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдан бүгінге дейін» атты ашық сабақ өтті. Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері мен поэзиясының мәні талқыланды. Сондай-ақ Абай мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы және жас ұрпаққа берер тағылымы айтылды.