10.09.2025
Текелі қалалық кітапханасы
????️ Текелі қалалық кітапханасының №2 Филиалында «Біздің болашақ» атты жолдауға арналған талқылау өтті.
???? Қатысушылар Жолдауда айтылған негізгі бағыттармен танысып, ел дамуының басым бағыттарын талқылады. Президенттің 2025 жылғы Жолдауы – цифрландыру, жасанды интеллект, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылым мен энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығын жаңғырту және саяси жүйені реформалауға бағытталған.
???????? Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілік орнату, білім мен денсаулық саласын дамытуға ерекше назар аударылды.
Жеке жауапкершілікті сезінген әрбір қазақстандық елдің өркендеуі мен болашағы үшін өз үлесін қосады деп ойлаймын.