09.08.2024
Текелі қалалық кітапханасы
10 тамыз Қазақстанда Абай күні болып жарияланды. Ұлы Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ №2 Филиалы «Әлем мойындаған Абай» атты әдебиет сабағы өтті. Кітапханашы Темирбекова Н. Қатысушыларға қазақтың көрнекті ақыны, композиторы, философы, ағартушы, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларымен таныстырды. Осы шара барысында ақынның шығармашылшығына шолу жасалып, ойлы азамат, халқын сүйген ойшыл ерекше тұлға екендігі туралы айтылды.