Текелі қалалық кітапханасының №2 Филиалының кітапханашылары С. Мұқановтың 125 жылдығына орай «Сәбит Мұқанов - сөз бен ой шебері» атты әдеби қонақжай өткізді. Шараның мақсаты - қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жазушының әдеби мұрасы арқылы оқырмандардың эстетикалық талғамын дамыту. Жастардың патриоттық сезімін, әдебиетке қызығушылығын арттыру.