08.04.2024
Текелі қалалық кітапханасы
«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ кітапханашысы Е.В. Житникова Текелі қаласының тұрғындары арасында «Азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлқы» атты акциясын өткізді. Кітапханашы ақшаны бопсалау, пара беруге мәжбүрлеу, кәсіпкерлік қызметке қабылдау және т.б. жағдайда азаматтардың өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді. Әңгіме соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» жадынамалары таратылды.