Оқиғалар

«Кітап – мәңгілік мұра» әдеби карта

«Кітап – мәңгілік мұра» әдеби карта
24.09.2025
81
Текелі қалалық кітапханасы
Республикалық «Кітап time» фестивалі аясында Текелі қалалық кітапханасында «Кітап – мәңгілік мұра» атты әдеби карта ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ және шетел жазушыларының шығармалары, классикалық және заманауи әдебиет туындылары, халықтың рухани әрі мәдени құндылықтарын айқындайтын басылымдар оқырман қауымға ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – кітап білімнің, тарих пен ұрпақтар даналығының мәңгілік қазынасы екенін көрсету. Экспозиция оқырмандардың әдеби мұра байлығына назарын аударып, кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталды. Оқырмандар назарына 60-тан астам кітап ұсынылып, оның 37-сі оқуға берілді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика