Оқиғалар

«Кітап әлеміне саяхат» тәрбие сағаты

«Кітап әлеміне саяхат» тәрбие сағаты
24.09.2025
49
Текелі қалалық кітапханасы
Текелі қалалық кітапханасы №2 филиалы «KITAP – TIME» жалпы республикалық жыл сайынғы фестивалі аясында «Кітап әлеміне саяхат» атты тәрбие сағаты, тәрбиелік мәні зор шара өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға жаңа түскен кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны мен ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасалды. Сонымен қатар, қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Кім жылдам», «Әдеби лото» және «Қабырға газетін жасау» сияқты танымдық сайыстар өткізілді. Белсенділік танытқан оқушылар аталған номинациялар бойынша марапатталды. Шараға барлығы 15 оқушы қатысып, өздерінің білімін, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл іс-шара жас ұрпақты кітап оқуға баулып, рухани әлемін байытуға, сонымен қатар ой-өрісін кеңейтуге зор ықпал етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика